логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің XLII сессиясы

Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің XLII сессиясы


2020 жылғы 1 қазанда бейне-конференция-байланыс форматында геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің (бұдан әрі – Мемлекетаралық Кеңес) XLII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы картографиялық-геодезиялық қызметтерінің (бұдан әрі – Қызмет) басшылары мен өкілдері қатысты.

Мемлекетаралық кеңестің XLII сессиясының отырысын геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Жер ресурстары жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Қаныбек Қалбайұлы Ботабаев ашты.

Қырғыз Республикасы Үкіметінің шекара маңы мәселелері жөніндегі Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары дәрежесіндегі арнайы өкілі Борубаев Назирбек Нарматович, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің Қауіпсіздік және жаңа сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық департаментінің директоры Буров Александр Александрович құттықтау сөз сөйледі.

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт