Кәсіпорынның 2030 жылға дейінгі даму болашағы
2030 жылға қарай Қазақстан Республикасы заманауи ұлттық геокеңістіктік инфрақұрылымға ие болуы тиіс, онда QazTRF-23 мемлекеттік координаттар жүйесі жаңа геодезиялық, картографиялық, жобалық, кадастрлық және өзге де кеңістіктік-бағдарланған жұмыстардың міндетті негізі болып табылады; ұлттық квазигеоид моделі GNSS өлшемдерінен қалыпты биіктіктерге нормативтік бекітілген және технологиялық қолжетімді ауысуды қамтамасыз етеді; кеңістіктік деректердің іргелі жиынтықтары бірыңғай модель бойынша жүргізіледі, бекітілген жауапты ұстаушылары, метадеректері, өзгерістер тарихы болады және ведомствоаралық пайдалану үшін қолжетімді болады.
Сонымен қатар, аумақтың өзгерістеріне мониторинг Жерді қашықтықтан зондтауды, аэрофототүсірілімді, далалық және камералдық әдістерді қолдана отырып тұрақты негізде жүзеге асырылуы тиіс, бірыңғай цифрлық картографиялық негіз, рельефтің цифрлық моделі және туынды кеңістіктік өнімдер геопорталдар мен машина оқи алатын сервистер арқылы ұсынылуы керек, ал мемлекеттік ақпараттық жүйелер бірыңғай кеңістіктік деректерді пайдаланып, ҰКДИ-мен интеграциялануы қажет.
Кеңістіктік деректерді тек цифрлық түрде ұстауды, пайдалануды және сақтауды көздейтін «Digital by default» қағидаты бойынша кеңістіктік деректерді дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады.
Сала процестердің сабақтастығын, кеңістіктік деректердің сапасын арттыруды және оларды мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін тұрақты институционалдық, кадрлық және технологиялық базаға ие болады.