логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 (7172) 27-27-75  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Іске асырылатын жобалар


Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын пайдалану (мың тг.)

Нысаналы мақсаты 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл
ТГР бойынша мемлекеттік тапсырма 2,713,166.99 1,934,974.89 2,541,028.57 4,005,375.00 4,515,027.12
ҰКДИ инвестициялық жобасы - 1,888,298.40 4,884,766.25 5,022,957.79 3,751,126.79
ҚР Мемлекеттік шекарасын демаркациялау 111,923.82 42,180.97 25,587.50 12,206.25 248,281.45

ҰКДИ

Жобаның ауқымы ұлттық, халықаралық ынтымақтастықтан салааралық. Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Жоба үш негізгі бөлімнен тұрады:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту;
  • Жаңа мемлекеттік координаттар жүйесінде ашық пайдаланудың базалық кеңістіктік деректерін құру;
  • Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелерін және Базалық кеңістіктік деректерді құру.

nipd

2024 жылы ҰКДИ жобасын іске асырудың негізгі әсерлері:

  • QTRS (Qazaqstan Terrestrial Reference System) бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату (1942ж. координаттар жүйесінің орнына);
  • Қазақстан Республикасының аумағын 100% ашық кеңістіктік деректермен қамтуды қамтамасыз ету;
  • орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңістіктік деректерімен алмасуды автоматтандыру.
  • халықты, бизнес пен инвесторларды ашық кеңістіктік деректермен және бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін карталармен қамтамасыз ету;
  • барлық деңгейдегі кеңістіктік деректер мен ақпараттық жүйелерді бірыңғай ақпараттық ортаға интеграциялау арқылы орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;
  • картографиялық материалдарды алу уақытын нақты уақыт режиміне дейін қысқарту, сондай-ақ ведомстволық ақпараттық жүйелерді, кадастрларды интеграциялау есебінен оларды жаңарту;
  • кеңістіктік деректерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді өндіруге және өзектендіруге жұмсалатын шығындарды азайту.
© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт