«ҰГКАО» РМК-ның кешенді инженерлік ізденістерді жүргізуде үлкен тәжірибесі, жоғары білікті кадрлық және заманауи техникалық әлеуеті бар
орталықтар салу, геодезиялық желілерді, түсіру негіздемелерін, маркшейдерлік желілерді, құрылысқа арналған арнайы мақсаттағы геодезиялық желілерді құру және дамыту;
реперлер салу, I, II, III және IV сыныптарды нивелирлеу;
спутниктік геодезиялық анықтамалар;
жерасты және жерүсті құрылыстарын, сондай-ақ 1:200 және 1:100 масштабтағы арнайы жоспарларды түсіруді қоса алғанда, арнайы мақсаттағы 1:5000-1:500 масштабтағы топографиялық түсірілім;
арнайы мақсаттағы 1:5000-1:200 масштабтағы топографиялық (инженерлік-топографиялық) жоспарларды және графикалық, цифрлық, фотографиялық нысандардағы кадастрлық жоспарларды жаңарту;
тау-кен қазбаларын, геодезиялық және инженерлік ізденістердің басқа да нүктелерін натураға ауыстыруға және орайластыруға байланысты геодезиялық жұмыстар;
ғимараттар мен құрылыстар негіздерінің, жер бетінің және тау жыныстары қабатының өзгеруін, оның ішінде - табиғи және технотабиғи үдерістерге жергілікті мониторинг жүргізу кезінде геодезиялық стационарлық қадағалау;
кәсіпорындардың, қоныстардың және мемлекеттік кадастрлардың геоақпараттық жүйелерін жүргізуді инженерлік-геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету;
желілік құрылыс нысандарын далалық трассалау;
жабдықтарды монтаждау, кран астындағы жолдарды тексеру және колонналардың, құрылыстардың және олардың элементтерінің тіктігін тексеру кезіндегі геодезиялық жұмыстар;
жөндеу және басқа жұмыстар кезінде жасырын жерасты құрылыстарын заттай анықтау жөніндегі геодезиялық жұмыстар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, Мемлекеттік Геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді дамытуды көздейді.