2001 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті / Мемстандарт / «Қазгеокарт» РМҚК өлшеу құралдарын жөндеумен және тексерумен айналысуға бас лицензиялар (МА сериялы №0001140 және №0001144 лицензиялары) берді. Бұдан басқа, әрбір үш жыл сайын ҚР Мемстандарты аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру құқығына кәсіпорынның тексеру зертханасын қайта аккредиттеуді жүргізді. Соңғы Аккредиттеу аттестаты № KZ.P.02.2411 2021 жылғы 15 қаңтарда 5 жыл мерзімге берілді.
Аккредиттеу аттестаты (PDF)
Жөндеу жүргізу құқығын лицензиялау саласы
- Электронды түрлерден басқа барлық типтегі теодолиттер;
- Электрондықтан басқа барлық типтегі нивелирлер.
Тексеру құқығын аккредиттеу саласы:
- Оптикалық және электронды теодолиттер;
- Электрондық тахеометрлер;
- Оптикалық және электронды нивелирлер;
- Нивелирлік рейкалар (шашкалы, дәнекерленген және кодты);
- Лазерлік рулеткалар мен қашықтық өлшегіштер;
- Спутниктік өлшеу жүйелері (GPS және ҒНСЖ-қабылдағыштар);
- Әмбебап коллиматорлық стендтер.
Жөндеу мен тексеруді осы салада үлкен жұмыс өтілі бар білікті мамандар орындайды. Тексерушілер біліктілікті арттыру курстарында өздерінің техникалық деңгейін үнемі арттырып отырады және ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген сертификаттары бар. Зертхана геодезиялық аспаптарды жөндеуге арналған эталондармен, тексеру және жөндеу жабдықтарымен толық көлемде жабдықталған.
Тапсырыс берушілер: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ, ҚР ҚМ «92835 әскери бөлімі» РМУ, «ЭкоГеоМұнайГаз» ЖШС, "ГеоСтройСервис» ЖШС, «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС, «Азимут Геология» ЖШС, «Азимут-Проект» ЖШС, «Қолдау» ЖШС, «Имсталькон» АҚ, «Алматықалажер» ЖШС, «Астанастройинжиниринг» ЖШС және басқалары.
Зертхана мекен-жайы: Алматы қ., І. Жансүгіров к-сі, 299
Тел./факс: +7 /727/ 382 4861
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.