логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Оңтүстікгеодезия


«Оңтүстікгеодезия» филиалы

Мекенжайы: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 30 А
Телефон: +7-7262-505002, 455 284, 585 196 | Факс: +7 /7262/ 454 984
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Қалыптасу тарихы

1947 жылы № 62 Геодезиялық жасақ құрылды, 1965 жылы № 102 экспедиция деп, 1992 жылы Жамбыл картографиялық-геодезиялық кәсіпорны (Жамбылгеодезия), 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан картографиялық-геодезиялық кәсіпорны (Южгеодезия), 1996 жылы Жамбыл қазыналық картографиялық-геодезиялық кәсіпорны (Жамбылгеодезия), 2000 жылы – «Южгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (РМҚК) болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668 қаулысымен филиалдары бар «Қазгеодезия» РМҚК құрылды. Қазіргі уақытта ұйым Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК-ның «Оңтүстікгеодезия» филиалы болып табылады. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.


«Оңтүстікгеодезия» филиалы келесідей жұмыс түрлерін орындайды

Кәсіпорын кез келген масштабтар мен алаңдарда заманауи технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік бюджеттік және шарттық топографиялық-геодезиялық, картографиялық жұмыстарды орындайды. Бұдан басқа, геодинамикалық полигонда геодезиялық бақылаулар жүргізіледі. Кәсіпорынның әрекет ету аймағы елдің барлық өңірлері болып табылады. Бұдан басқа, бұрын Новосібір облысында, Ресей Федерациясының Тува АССР және Қырғызстанда жұмыстар атқарылды.

1. Геодезия және картография
  • Барлық кластағы мемлекеттік геодезиялық және нивелирлік желілерді құру және дамыту;
  • Жобалау және құрылысқа арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабта түсіру, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсіру, жерүсті желілік құрылыстар мен олардың элементтерін трассалау және түсіру);
  • Кез келген масштабтағы топографиялық карталар мен жоспарларды жаңарту;
  • Газдандыру үшін көшелерді қасбеттік түсіру, су құбырларын, электр кабельдерін, байланыс кабельдерін жүргізу;
  • Инженерлік-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар;
  • Жер бетінің деформациясын зерттеу, сонымен қатар биік ғимараттар мен инженерлік құрылымдардың құрылысын бақылау;
  • Жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекарасын белгілеу;
  • Графикалық, электронды және басқа түрдегі арнайы мақсаттағы тақырыптық карталар, жоспарлар мен атластар жасау және басып шығару.
Инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар, соның ішінде:
  • Топырақты далалық зерттеу, гидрогеологиялық зерттеулер;
  • Геофизикалық зерттеулер, барлау және түсіру;
Инженерлік-геодезиялық жұмыстар, соның ішінде:
  • Инженерлік-геологиялық қазбаларды, геофизикалық және басқа да іздестіру нүктелерін байланыстыра отырып, натураға ауыстыруға байланысты геодезиялық жұмыстар;
  • Геодезиялық орталықтарды құру және қалау;
  • Жоспарлы-биіктік түсіру желілерін құру;
2. Геоақпараттық жүйелер
  • Арнайы мақсаттағы географиялық ақпараттық жүйелерді құру және жүргізу;
  • Кез келген масштабтағы сандық карталарды, түрлі дереккөздерді (қағаз карталарды, растрлық бейнелерді; аэрофототүсірілім материалдарын және т. б.) жасау;
  • Растрларды жергілікті координаттар жүйесіне байланыстыру;
  • Графикалық ақпаратты кодтау (векторлау);
  • Инженерлік желілердің электрондық жоспар-нобайларын жасау.
3. Желілік нысандарды құжаттандыру
  • Байланыс нобайларын құру;
  • Топографиялық жоспарға енгізе отырып, келесі және қиылысатын коммуникацияларға параллель жату тереңдігін анықтау;
  • Үлкейтілген масштабтағы технологиялық алаңдарды түсіру;
  • ЭБЖ ( электр беру желілері) түсіру және олардың тіректерін үйлестіру;
  • Желілік құрылыстар дәлізіне цифрлық карта жасау.
5. Полиграфия
  • Кез келген масштабтағы топографиялық және географиялық карталарды жасау, баспаға дайындау;
  • Түрлі мақсаттағы атластарды, туристік жоспарларды, контурлық карталарды басып шығару;
  • Шексіз өлшемді екі жақты ламинаттау, қағазды кесу, мұқабалау және т.б.

Техникалық жабдықтау

  • Геодезиялық жабдықтар: «Leicageosystems» AG, «TOPCON» шығарған GPS-қабылдағыштар, электрондық тахеометрлер, цифрлық және оптикалық нивелирлер, жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар.
  • Компьютерлік техника: дербес компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер және плоттерлер * «Leicageosystems» AG шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар
  • Бағдарламалық жасақтама: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad
  • Арнайы мақсаттағы автокөлік

Филиалдың тапсырыстар бойынша жұмыс орындау тәжірибесі бар:

  • «Теңізшевройл» ЖШС
  • «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
  • Румындық «PETROMS.A.» мұнай компаниясы
  • «Тау-кен компаниясы» ЖШС
  • «Торғай Петролеум» ЖАҚ, «Қазгермұнай» БК
  • «AgipКСО», ЖХЫА фирмасы (Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттік)
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
  • «Қазаэронавигация» РМК
  • «Астанабасжоспар»
  • «ШҚО табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасы»
  • «Көлік сервис орталығы» АҚ
  • «Еурохим-Қаратау» ЖШС
© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт