логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

1919 ж. 15 наурызда Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесінің Ғылыми-техникалық бөлімінің жанынан Жоғары геодезиялық басқарма құру туралы декретпен геодезиялық қызмет ұйымдастырылды.


Қазақстан аумағында 1945 ж. дейін барлық топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Орта Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорнының (АГК) топографиялық-геодезиялық отрядтарының және Батыс Сібір АГК топографиялық отрядтарының күшімен орындалды.

1945 ж. 1 қаңтардан бастап Алматы қаласында Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорнын (ҚазАГК) ұйымдастыруға кірісті. ҚазАГК бірінші бастығы А. И. Субботин болды. Қазақ КСР Кеңхалкомының 1945 ж. 10 наурыздағы №122 Қаулысымен жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорынның алдына нақты міндеттер қойылады. Олардың негізгісі - мемлекеттік картографиялау мақсаттары үшін 1945-1947 жылдары 1:100 000 масштабында Қазақ КСР-нің бүкіл аумағын суретке түсіруді аяқтау.

1945 жылдың күзінде Семей топографиялық техникумы ашылды.

ҚазАГК құрамында Талғар станицасында стационарлық базасы бар бір далалық топографиялық отряды бар өзінің өндірістік қызметін 1945 ж. 1 қаңтарынан бастады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін геодезия мен картографияның бүкіл құрылымы қайта құрылды. Қазақ ССР Президентінің 1991 ж. 31 тамыздағы Жарлығы бойынша одаққа бағынған барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер ҚазКСР Үкіметінің қарамағына өтті, ал Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен (1992 ж.) КСРО ГКББ ҚазАГК базасында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия және картография бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Қазгеодезия құрамына Қазақстан аумағында болған бұрынғы КСРО ГКББ-ның барлық ұйымдары мен кәсіпорындары, кешенді біріккен экспедициялары, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік геодезиялық қадағалаудың аумақтық инспекциясы (ҚазМГҚАИ) кірді.

1992 ж. Орталық картографиялық-геодезиялық қор (ОКГФ), қазіргі Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор құрылды.

1996 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазгеодезия» таратылды және оның қызметтері - Мемлекеттік жер қатынастары және жерге орналастыру комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 ж. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 668 Қаулысымен «Батысгеодезия», «Жамбылгеодезия», «Қазгеокарт», «Орталықмаркшейдерия», «Республикалық картографиялық фабрика», «Солтүстік Геодезия», «Шығыс Геодезия», «Шымкентгеодезия» филиалдары бар" Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

2020 жылғы 06 қарашадан бастап «Қазгеодезия» РМҚК Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылу және қайта құрылу жолымен.

Қазіргі уақытта «ҰГКАО» ШЖҚ-на РМК өзінің өндірістік әлеуеті, жоғары білікті мамандары және техникалық жабдықталуы, орындалатын топографиялық-геодезиялық, аэротүсірілім және картографиялық жұмыстардың көлемі бойынша бірегей болып табылады. «ҰГКАО» ШЖҚ-на РМК өз қызметін алдыңғы қатарлы дәлдігі жоғары технологияларды пайдалану, геодезиялық, картографиялық және аэротүсірілім жұмыстарын кез келген көлемде және қысқа мерзімде кешенді орындау қағидаттарына негіздейді.

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт