«Шығысгеодезия» филиалы туралы ақпарат
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Ғабдолла Тоқай к-сі, 32
Телефон: +7-7222-360226
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Қалыптасу тарихы
Кәсіпорынның құрылу тарихы 1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ГТББ 20.11.1965 ж. № 41-11 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған№ 33 топографиялық-геодезиялық отрядтанбасталады, № 33 жасақ № 103 экспедиция болып өзгертілді. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ГТББ бұйрығы негізінде № 6 Кәсіпорынның № 103 экспедициясы № 103 БКЭ Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны болып қайта құрылды (18.08.1986 ж. № 400-П бұйр.). КСР Министрлер Кабинеті жанындағы ГКББ бұйрығының негізінде № 103 БКЭ Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорын Семей картографиялық-геодезиялық кәсіпорны болып қайта құрылды (11.03.1992 ж. № 24 бұйр.) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы ГКББ бұйрығының негізінде Семей картографиялық-геодезиялық кәсіпорны«Семейгеодезия» қазыналық картографиялық-геодезиялық кәсіпорныболып қайта құрылды (19.07.1996 ж. №16-ҚҚ бұйр. ).
Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы негізінде «Семейгеодезия» қазыналық картографиялық-геодезиялық кәсіпорны«Востокгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныболып қайта аталды (25.05.2000 ж. № 794 Пр.).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 ж. № 668 қаулысына сәйкес «Востокгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бірігу жолымен Республика агенттігінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.02.2013 ж. № 109 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» туралы қаулысына сәйкес «Қазгеодезия» РМҚК «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің» «Шығысгеодезия» филиалы «Қазгеодезия» РМҚК «Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Шығысгеодезия» филиалы болып қайта аталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.09.2014 ж. № 1011 «Қазгеодезия» РМҚК «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің» «Шығысгеодезия» филиалы «Қазгеодезия» РМҚК Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Шығысгеодезия» филиалы болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 ж. № 295 «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК болып атауы өзгерді.
«17.06.2019 ж. № 24 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2019 ж. № 501 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК болып атауын өзгертті.
Үкіметтің 08.09.2020 ж. № 559 «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК бірігу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалған жұмыс түрлері:
- Триангуляция бекеттерін тексеру, нивелирлік белгілерді тексеру және қалпына келтіру, бекеттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау;
- 1: 2000 М салынған және салынбаған аймақтарды дешифрлеу;
- I, II сыныпты нивелирлеу;
- 1: 25000 М карталарды жаңарту кезіндегі дала жұмыстары;
- 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 М цифрлы топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар;
- Мемлекеттік тілде 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 М сандық топографиялық карталарын жасау;
- Орыс тілінде 1:50 000, 1:100 000 М цифрлы топографиялық карталарын жасау;
- Қалалардың масштабы 1:2 000 жоспарларын жасау;
Тапсырыс берушілермен жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыс түрлері
Топографиялық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарының барлық түрлері
- масштабы 1:200-ден 1:10 000-ға дейінгі топографиялық түсірілімдер;
- геодезиялық орталықтарды құру және қалау;
- жоспарлы-жоғарыдан түсіру желілерін құру;
- жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулер және жер бетінің және ГЭС гидротехникалық құрылыстарының қозғалысын қадағалау;
- жобалау және құрылысқа арналған топографиялық жұмыстар (1:10 000-нан 1:200-ге дейінгі масштабта түсіру, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсіру, жерүсті желілік құрылыстар мен олардың элементтерін трассалау және түсіру);
- инженерлік-геологиялық қазбаларды, геофизикалық және басқа да іздестіру нүктелерін байланыстыра отырып, натураға ауыстыруға байланысты геодезиялық жұмыстар;
- жер кадастрына арналған геодезиялық жұмыстар;
- 1:500, 1:1 000, 1:2 000, 1:5 000, 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабындағы карталарды жасау және жаңарту;
- жергілікті жерде шекараны белгілеу;
- бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағының шекараларын және сынақ алаңдарының шекараларын геодезиялық тәсілмен айқындау, келісу және қалпына келтіру.
Техникалық жабдықтау
Жұмыстарды орындау үшін біздің филиалда келесі техникалық жабдықтар бар:
- геодезиялық жабдықтар: AG «Leicageosystems», «TOPCON» шығарған GPS-қабылдағыштар, GPS навигаторлар, ТС-407 электронды тахеометрлері, цифрлы және оптикалық нивелирлер, трасса іздегіштер, Компьютерлік техника: жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер және плоттерлер;
- AG «Leicageosystems» шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар;
- бағдарламалық жасақтама: Macrostation v8, Mapinfo Professional 8.0, Adobe Photoshop CS 2, Transform 2.0, Leica Survey office/ Geo office, Printer Emulator;
- жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы мақсаттағы автокөлік;
- LS 10 0.3 mm оптикалық сандық нивелирі;
- Trimbie Dini 0.3 сандық нивелирі;
- «NAV P5E» ЖНСЖ ЖНЖ қабылдағыштары.
Филиалдың тапсырыстар бойынша жұмыс орындау тәжірибесі бар:
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК;
- «Землеустроитель» ЖШС;
- «Шүлбі ГЭС» ЖШС;
- «ФМЛ Казахстан» ЖШС;
- «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» МОТР;
- «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы;
- Мемлекеттік органдар мен мекемелер;
- Жеке тұлғалар.