логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Орталықгеодезия


«Орталықгеодезия» филиалы

Мекенжайы: Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 8
Телефоны: +7-7212-559762, 414-590, 414-486
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Қалыптасу тарихы

«Қазгеодезия» РМҚК «Орталықмаркшейдерия»филиалының құрылу тарихы 1940 жылғы 20 шілдеде құрылған «Союзмаркштрест» тресіне оралады. 1978 ж. № 308 экспедиция партиясының негізінде (Челябі қ.) Қарағанды қ. № 309 «Союзмаркстрест» экспедициясы құрылды. 1989 ж. қазанда - № 309 Экспедиция «Юговостокмаркшейдерия» топографиялық-маркшейдерлік кәсіпорны, 1996 ж. – «Қарағандымаркшейдерия» болып қайта ұйымдастырылды.

2000 жылғы 25 мамырдан бастап кәсіпорын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің«Центрмаркшейдерия»республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 ж. № 668 қаулысымен филиалдары бар «Қазгеодезия» РМҚК құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.09.2020 ж. № 559 қаулысымен «Қазгеодезия» РМҚК филиалдары бар«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы»ШЖҚ РМК болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта ұйым Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК филиалы болып табылады.


Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын жұмыс түрлері

  • триангуляция бекеттерін тексеру, нивелирлік белгілерді тексеру және қалпына келтіру, бекеттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау;
  • 1: 2000 М салынған және салынбаған аймақтарды дешифрлеу;
  • I, II сыныпты нивелирлеу;
  • 1:25000 М карталарды жаңарту кезіндегі дала жұмыстары;
  • 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 М цифрлы топографиялық карталарын жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар;
  • 1:25 000 – 1:100 000 М мемлекеттік және орыс тілдерінде цифрлы топографиялық карталар жасау;
  • 1: 2 000 масштабтағы қалалардың жоспарларын жасау.

Тапсырыс берушілермен жасалған келісімшарттар бойынша орындалған жұмыс түрлері:
Маркшейдерлік жұмыстар кешені:

  • гироскопиялық бағыттағы жерасты тірек маркшейдерлік желісін құру;
  • биіктік белгісін тік шахталық оқпандар арқылы және көлденең қазбалар арқылы беру;
  • СИ-5 станциясының тік шахталық оқпандарының қабырғалары мен өткізгіштерін бейіндік түсіру;
  • көтергіш қондырғылар жабдықтарының геометриялық байланысын маркшейдерлік тексеру;
  • өнеркәсіп алаңдарын, көмір қоймалары мен үйінділерді түсіру;
  • шахта оқпандарының осьтік бекеттерін салу және қалпына келтіру;
  • тау-кен жұмыстарының әсеріне ұшыраған жер бетінің, ғимараттар мен құрылыстардың жылжуын аспаптық бақылау өндірісі, сондай-ақ карьерлердің кемерлері мен ернеулерінің жай-күйін бақылау;

Топографиялық-геодезиялық жұмыстар кешені

  • мемлекеттік және жергілікті геодезиялық желілерді жиілету;
  • карьерлер мен көмір тіліктерінде тірек геодезиялық негіздеме жасау;
  • 1: 5 000-1: 500 масштабтағы топографиялық түсірілім, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратын (ҰсызҰА) қолдану;
  • теміржол және автомобиль жолдарын түсіру және нивелирлеу;
  • кран жолдарын пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстар;
  • желілік құрылымдардың трассаларын бөлу;
  • жерасты және жерүсті құрылыстарын (коммуникацияларды) түсіру және нивелирлеу.

Камеральдық жұмыстар

  • геодезиялық бекеттердің, геологиялық ұңғымалардың координаттарын қайта есептеу және т.б;
  • ҰсызҰА деректері бойынша топокарталар мен жоспарлар құру;
  • рельефтің үш өлшемді моделін құру.

Жұмыстарды орындау үшін филиалдың келесідей техникалық жабдықтары бар:

  • геодезиялық жабдықтар: GPS-қабылдағыштар, электрондық тахеометрлер, цифрлық және оптикалық нивелирлер, жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар, теодолиттер;
  • Delair UX – 11 ұшқышсыз ұшатын аппараты;
  • компьютерлік техника: дербес компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер және плоттерлер;
  • «Leicageosystems» AG шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар; * бағдарламалық жасақтама: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad, Agisoft Metashsape;
  • арнайы мақсаттағы автокөлік;
  • СИ -5 тік шахталық оқпандарының өткізгіштерін автоматты профильдеу станциясы;
  • маркшейдерлік МВТ-2 гирокомпасы.

Филиал ҚР негізгі ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарымен көп жылдар бойы бірге қызмет етіп келеді

  • «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ
  • «Казахмыс» Корпорациясы» ЖШС
  • «ССКӨБ» АҚ
  • «Алтыналмас» АҚ
  • «АрселорМиттал Теміртау» АҚ
© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт