«Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК мен «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» РМҚК біріктіру және қайта құру арқылы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
Осыған байланысты Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттар мен міндеттерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, оның алдын алу және оған қарсы тұру жөніндегі кешенді шараларды қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітілді.
Бұл ретте жеке және заңды тұлғаларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, Кәсіпорынның және оның филиалдарының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында Кәсіпорынның сенім телефонына немесе электрондық поштасына жедел хабарласуды сұраймыз. Келіп түскен өтініштер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тексеру жүргізіліп, шаралар қабылданатын болады.
Комплаенс-қызметі
Кизатов Естай Сергазинович
Комплаенс-қызметінің басшысы
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құжаттар
Сертификат
Жаднама
Сыбайлас жемқорлыққа және коммерциялық пара беруге қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық
Мүдделер қақтығысын реттеу қағидалары
Комплаенс-қызмет туралы ереже
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (PDF)