логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Астанагеодезия


«Астанагеодезия» филиалы

Мекенжайы: Астана қ., Желтоқсан к.  25
Телефон: +7 707 687 5151


Құрылу тарихы

«Астанагеодезия» филиалы 2022 жылы дербес бөлімше ретінде бөлінген. Бұған дейін өндірістік блок «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК құрамында жұмыс істеген. Сонымен қатар, филиалдың құрылу тарихы 2000 жылдан басталады. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 794 қаулысымен «Астанатопография» РМҚК құрылды.
«Астанатопография» РМҚК 2008 жылы Қазақстанда бірінші болып сандық аэротүсірілімді игерді және өндіріске енгізді. 2012-2014 жылдар аралығында филиал мамандары Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында Дүниежүзілік геодезиялық координаттар (WGS-84)  жүйесін енгізу бойынша Қазақстан Республикасының барлық әуеайлақтарында геокеңістіктік деректерді алудың озық әдістерін пайдалана отырып жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыс ICAO Халықаралық Азаматтық авиация ұйымымен мойындалды  және жоғары бағаланды.


Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын жұмыс түрлері:

  • Аэроғарыштық түсірілім жұмыстары;
  • Триангуляция пункттерін тексеру, нивелирлік белгілерді тексеру және қалпына келтіру, пункттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау;
  • Салынған және салынбаған М 1:2 000 аумақтарды дешифрлеу;
  • I, II сыныпты нивелирлеу;
  • 1:25 000 масштабты карталарды жаңарту кезіндегі далалық жұмыстар;
  • 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабты сандық топографиялық карталарды құру және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар;
  • 1:25 000 масштабтағы сандық топографиялық карталарды мемлекеттік тілде жасау;
  • 1:50 000 масштабты сандық топографиялық карталарды орыс тілінде жасау;
  • 1:2 000 масштабты қала жоспарларын құру;

Тапсырыс берушілермен жасалған шарттар бойынша орындалатын жұмыс түрлері:

  • Аэротүсірілім жұмыстары;
  • 1:500 – 1:10 000 масштабты топографиялық түсіру, сонымен қатар жерасты коммуникацияларын түсіру;
  • темір және автомобиль жолдарын инженерлік-геодезиялық ізденістер
  • геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
  • жоспарлы-биіктік түсірілім желілерін құру;
  • жобалау мен құрылысқа арналған топографиялық жұмыстар (1:10 000-нан 1:200-ге дейінгі масштабта түсіру, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсіру, жерүсті желілік құрылыстар мен олардың элементтерінің трассаларын жасау және түсіру);
  • инженерлік-геологиялық әзірлемелерді, геофизикалық және басқа да іздестіру нүктелерін бекіту арқылы, заттай көрініске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
  • жер кадастрына арналған геодезиялық жұмыстар
  • 1:500, 1:1 000, 1:2 000,1:5 000, 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабты карталарды құру және жаңарту.
  • жерге орналастыру жұмыстары
  • жергілікті жерде шекараларды белгілеу.
  • жер-кадастрлық жұмыстар

Техникалық жарақтандыру

  • Геодезиялық жабдық: GPS- қабылдағыштар (Leica, Tapcon, Spectra, CHC),  GPS навигаторлар (Garmin), электрондық роботты тахеометрлер 1’ (Leica), жоғары дәлдіктегі нивелирлеуге арналған сандық нивелирлер (Leica), трасса іздегіш, лазерлік рулеткалар.
  • Компьютерлік техника: сандық фотограмметрияға арналған графикалық станциялар, мамандандырылған дербес компьютерлер, ноутбуктар, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету: Microstation v8, Mapinfo Professional 8.0, Leica Geo Office , ERDAS IMAGEINE Professional, PHOTOMOD, ArcGis 10.1, Bernese GPS Soft version 5.2, Credo nivelir, Autocad.
  • Әуе кемесі және сандық аэрофотокамералар: Cessna172N маркалы ұшақ, АН-2 маркалы ұшақ, Сандық орта форматты аэротүсірілім кешені PhaseOne Aerial  System 150MP, сандық аэротүсірілім камерасы Leica ADS 40.
  • Өтімділігі жоғары арнайы мақсаттағы автокөлік

Филиалдың тапсырыс бойынша жұмысты орындау тәжірибесі бар:

  • «Казаэронавигация» РМК
  • «Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
  • «Астана Орманы» ЖШС
  • «Қазгидромет» РМК
  • «Қазақстан темір жолы» АҚ
© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт