логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz
+7 /7172/ 248-666

Республикалық картографиялық фабрика


Республикалық картографиялық фабрика - «Казгеодезия» РМҚК филиал

Мекенжайы: Алматы қ., Жайсан к-сі, 11
Телефон / факс: +7-7273-309804
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Қалыптасу тарихы

Республикалық картографиялық фабрика (РКФ) – «ҰГКАО» РМК филиалы - еліміздің экономикасы мен қорғанысының түрлі салаларында қолданылатын барлық масштабты қатардағы топографиялық карталармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Картографияның, баспа және полиграфиялық өндірістердің қазіргі заманғы даму үрдістері, компьютерлік технологиялар саласындағы жаңа жетістіктері картографиялық өнімдер мен тақырыптық туындыларды жасау мен басып шығаруға дайындаудан бастап тиражды басып шығарудан кейінгі өңдеуге дейінгі толық өндірістік цикл бойынша дайындық және баспа жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Республикалық картографиялық фабрика Қазақстан Республикасында полиграфия бойынша барлық қызмет түрлерін көрсетеді. Біз әртүрлі мақсаттағы карталарды, жоспарларды, атластарды әзірлеу, жасау, дайындау және жаппай тиражбен басып шығару, плакаттар, кез келген түптелген кітаптар, буклеттер, брошюралар, бланкілер, парақшалар, каталогтар, жапсырмалар, флаерлер, конверттер және т.б. өкілдік және жарнамалық полиграфиялық өнімдер шығаруға қызметтер көрсетеміз.

Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің полиграфиялық өнімге үлкен қажеттілігін ескере отырып, Республикалық картографиялық фабрика – «ҰГКАО» РМК филиалы, Жер ресурстары және жерге орналастырудың мемлекеттік ғылыми–өндірістік орталығымен (МемЖерҒӨО) және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарымен (ЕМК) ЖРБА бір салалық құрылымында әрекет ететіндей, баспа бойынша жұмыстарды жоғары сапамен және белгіленген мерзімде тұрақты түрде орындауға дайын және ұсынады:

1. Фирмалық бланктер;
2. Жер актілері:
  • жеке меншік құқығына;
  • тұрақты жер пайдалану құқығына;
  • қайтарымсыз жер пайдалану құқығына;
  • қайтарымды жер пайдалану құқығына;
3. Есепке алу жорналы (қатты және жұмсақ қапталған);
4. Төлқұжаты;
5. Жер телімін жалға алу келісімшарты;
6. Бланктер 
(ассортиментте – үлгілерге сәйкес);
7. Бұрыштама бланкілер - фишкалар;
8. Кадастрлық іс папкілері;
9. Мұрағаттық құжаттарға арналған папкілер
(түрлі-түсті).

Және жер мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу үдерісінде қолданылатын кез келген басқа да полиграфиялық өнімдер (нормативтік-техникалық құжаттар (НТҚ), басшылыққа алатын техникалық материалдар (БТҚ), нұсқаулықтар, ғылыми-техникалық әдебиеттер, ғылыми еңбектер, монографиялар және т.б.).

«РКФ» ұжымы Қазақстандағы жалғыз полиграфиялық кәсіпорын ретінде белгілі бір оң табыстарға қол жеткізді:
  • «РКФ» «Алтын Қыран» халықтық сапа белгісі сертификатына ие болды. Осы құжат кәсіпорын өнімдерінің стандарт талаптарына жауап беретіндігін, сапалы және қауіпсіз болып табылатындығын растады - бұл технологиялық үдерістің тұрақтылығына, кәсіпорынның даму жолдарын үнемі іздеуге байланысты;
  • «РКФ» «Картографиялық және полиграфиялық қызметтер» номинациясында «Қыран» өңірлік тұтынушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің дипломымен марапатталды;

Жемісті ынтымақтастық, баспа өнімдерін жасаудағы жаңашылдық, табысты бірлескен жобалар мен ұзақ серіктестік қатынастар үшін «НИССА Евразия»-дан, «Из рук в руки» («Қолдан-қолға») газетінен алғыс хаттары бар. 2010 жылы Халықаралық іскерлік кеңес (ХІК) Республикалық картографиялық фабриканы кәсіпкерлік қызмет саласындағы «Европейский грант» халықаралық, құрмет сыйлығымен марапаттауға ұсынды.

Фабриканың өндірістік қуаттарын біркелкі жүктеу мәселелерін шешу, ал олар бүгінгі күні де өзекті, сайып келгенде, жұмыстағы тұрақтылықты және мемлекет алдындағы шарттық міндеттемелерді табысты орындауды қамтамасыз етеді. Біз полиграфиялық өнімге қызығушылық танытқандардың барлығын тапсырыстарды ТБН-ге орналастыруға шақырамыз.


Компьютерлік картография цехы және ГАЖ цехы

Цех ұжымы өзінің жұмыс істеген уақытында ГАЖ-бағдарламалардың және графикалық кескіндерді өңдеу бағдарламаларының көмегімен цифрлық түрде топографиялық карталардың баспалық түпнұсқаларын жасау бойынша барлық қажетті бағдарламаларды игерді. ГАЖ карталарғаерекше орын берілді. ГАЖ-да карталар жасау үдерісі, қолдан жасайтын және автоматтандырылған картографиялаудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда, айтарлықтай аса қарапайым және икемді.

Бастапқы деректерді алу көзі ретінде кәдуілгі қағаз карталардың сандық нұсқадағы көшірмесін де пайдалануға болады. Нақты сандық түрде карталарды жасаудың мақсаттылығы қабылданды, бәрінен бұрын, картаның бұдан әрі жедел жаңартуға,  қажетті көлемде тираждауға болады, компакт-дискілерде мұрағаттауға ыңғайлы. Кез келген уақытта деректер базасын жаңа деректермен толықтыруға болады (мысалы, басқа деректер базасынан), онда бар деректерді қажетінше түзетуге болады. Бұдан басқа, РКФ технологиясы мен белгіленген жабдық басу кезінде цифрлық түрдегі карталарды ғана талап етеді.

РКФ-да жасалған топографиялық деректер базасын басқа бөлімдер мен бөлімшелер негіз ретінде пайдалана алады, бұл ретте деректерді жылдам көшіруге және оларды фабриканың электроника жөніндегі инженерлері жасаған жергілікті желілер бойынша бөгде ұйымдардың мамандарын тартпай-ақ жіберуге болады. Компьютерлерді бір желіге біріктіру желі пайдаланушыларына жеке компьютерлердің мүмкіндіктерімен салыстыруға келмейтін жаңа мүмкіндіктер береді, компьютерлерді ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту есебінен ақша қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді, құжаттарды бір компьютерден екінші компьютерге неғұрлым қысқа мерзімде беруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, желі таңдалған (файл-серверде тіркелген) пайдаланушыларға желі операторы рұқсат беретін ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл біздің режимді қамтамасыз ету бойынша жұмысымызда өте маңызды. Цех жанынан түрлі мақсаттағы тақырыптық шығармалар мен картографиялық өнімдерді басып шығаруға дайындау жөніндегі топ құрылды.


Тақырыптық карталар мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады

Соңғы уақытта картфабрика шығарды:
  • Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы;
  • Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жолдарының картасы;
  • Қазақстан Республикасының Мұнай және газ магистральдарының физикалық картасы;
  • Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының физикалық картасы;
  • Қарағанды облысының әртүрлі масштабтағы физикалық картасы;
  • Алматы қаласының Көлік айырықтарының толық нобайының жоспар-нобайы;
  • Алматы қаласы аудандарының нобайлары;
  • Алматы маңындағы туристік «Аңшылар және балықшыларға арналған»;

Мүдделі ұйымдардың тапсырысы бойынша карталар жасалды:

  • Еуразиялық көлік жүйесі;
  • Әлемнің саяси картасы;
  • Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық картасы; * Маңғыстау облысының физикалық картасы;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық картасы;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы; * «Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы» оқу карталарының жиынтығы;
  • Арнайы тапсырыс бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі» автомобиль жолы трассасының эксклюзивті жоспар-картасы және басқа да көптеген тақырыптық карталар шығарылды.

Редакциялық бөлім

Топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша өндірістің барлық кезеңдерінде жұмыстардың сапасын бақылау және нәтижелерін қабылдау жүзеге асырылады, оны редакциялық бөлім орындайды. Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау топогеодезиялық және картографиялық жұмыстардың сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі тиісті нормативтік-техникалық актілерде жазылған талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Цифрлы топографиялық карталарда нысандар топографиялық карталар үшін қабылданған, олардың масштабына және олар сипаттайтын жергілікті жердің жағдайына сәйкес келетін шартты белгілерде болуы тиіс. Редакциялық бөлім мемлекеттік топографиялық карталарды шығарумен ғана емес, тақырыптық карталарды жасаумен де айналысады.


Басуға дейінгі үдерістер мен баспа цехы

Материал басып шығарылғанға дейін орындалатын әртүрлі баспа жұмыстарының түрлері басып шығаруға дейінгі үдерістер деп аталады. Бұл түсінікке: мәтінді теру, түзету және редакциялау, иллюстрациялық материалды таңдау, сканерлеу және түсті түзету, дизайн, басылу жолақтарын беттеу, монтаждау және жолақтарды баспа парағына орналастыру, түпнұсқа-макетті жасау, баспа нысандарын дайындау кіреді. РКФ-да баспаға дейінгі жұмыстың негізгі міндеті - дайын баспа өнімдеріне түсіп, қайталанатын ықтимал қателер мен кемшіліктерді жою. Дайын, келісілген түпнұсқа-макет міндетті түрде тапсырыс берушімен келісуге ұсынылады, бұл баспадан кейін негізсіз наразылықтардың пайда болуының алдын алуға көмектеседі.

Баспаға дейінгі дайындық
Баспаға дейінгі дайындық баспаға түсулерді дайындауды қамтиды. Түсіру - бұл парақтарды басып шығару және дәптерлерді бүктеу кезінде кітаптағы беттер дұрыс ретпен орналастырылатындай етіп орналастыру. Дұрыс түсіру бастапқыда ойлағандай дәл осындай баспа өнімдерін алуға кепілдік беріп қана қоймайды, сонымен қатар көбінесе материалдар мен жұмысты үнемдеуге әкеледі, нәтижесінде өнімнің құнын төмендетеді.

Орнату сонымен қатар жолақтарды түсіру үдерісіне тығыз байланысты, бұл жарияланымның соңғы файлын баспа үдерісінің талаптарына дәл сәйкестендіру деп түсініледі. Әдетте, бұл макетке арнайы элементтерді қосуды білдіреді, мысалы, кесу белгілері, жетек белгілері, жедел бақылау шкаласы және т.б. Бұл элементтердің барлығы басып шығару үдерісін басқаруға көмектесетін басып шығару үшін қажет.


СТР

Полиграфиялық бұйымдарды баспаға дайындау барысындағы аралық процесс баспа формаларын дайындау болып табылады. Фабрикада СТР - Computer-to-Plate (ағылш.) компьютер-баспа нысаны. Бұл технологияны қолдану дәстүрлі технологияға қарағанда айтарлықтай артықшылықтарға ие.

СТР-дің ең маңызды артықшылықтарына өндірістік үдерістен пленканы шығару, монтаждау және көшіру, тиімділікті арттыру, басып шығаруға дейінгі дайындық пен таралымға шығу мерзімдерін қысқарту жатады - бұл қағаз бен бояуды тұтынудың төмендеуімен, қызмет көрсету шығындары мен уақытының азаюымен байланысты, кескіндерді формаларда көбейту сапасы мен дәлдігі артады, дайын өнімнің өзіндік құны төмендейді, көптеген жұмыс процестерін автоматтандыру арқылы қателер қаупі азаяды.

Процестің ажырамас бөлігі - файлды шығаруға дайындалған жарияланымды шығару құрылғысы түсінетін форматқа ауыстыру, түрлендіру. Ауыстыру - күрделі үдеріс, ол мамандандырылған бағдарламалары бар қуатты компьютерлерде орындалады. Бастапқы файлды дұрыс және тез ауыстыру үшін бағдарлама түсінетін белгілі бір форматқа келтіріледі. Фабрикаға СТР-технологиялар енгізілгеннен кейін баспа формаларын дайындау кезеңі баспаға дейінгі дайындық кезеңіне өтті.


Басу учаскесі

Фабрикада автоматтандыру деңгейі жоғары, лактау секциясы бар және қабылдау мерзімі ұзартылған баспа машиналары орнатылған, бұл:

1. KBA RAPIDA 142-4 + LVL 2 (Германия)
Сыртқы пішінінде заманауи және талғампаз, басқаруға оңай және техникалық қызмет көрсетуге ыңғайлы, жоғары талаптарға жауап береді, көп түсті, офсеттік баспа машинасы.

  • Рұқсат етілген басу ені бойынша KBA RAPIDA 142 - 4 + LAVL 2 Орталық Азия аумағында баламасы жоқ.
  • Қағаздың максималды форматы, мм-1020 х 1420
  • Қағаздың минималды форматы, мм. - 600 х 720
  • Бұл машинаның басу жылдамдығы - сағатына 15 000 таңба.
  • Екі жақты басып шығару кезінде - сағатына 10 000 таңба.

Жоғары өнімділігімен, әмбебаптығымен және автоматтандырудың жоғары дәрежесімен ол рентабельді полиграфиялық өндіріс үшін барлық жағдайды жасайды.

2. SAKURAI-OLIVER-475 SD (Жапония)
Жоғары жылдамдықты, толық автоматтандырылған баспа машинасы. Таралымды ауыстыру кезінде баспа машинасының өзін жылдам дайындау, дәл және ыңғайлы баптау, сондай-ақ таралым кезіндегі баптаулардың тұрақтылығы, жиынтықтауыштардың сапасы мен үлкен салмағының арқасында, басып шығарудың жоғары жылдамдығы, үстеме және қабылдау стапельдерінің ұлғайтылған сыйымдылығы, желімделетін материал қалыңдығының оңтайлы диапазоны осы модельді әмбебап етеді. Машина орта және «ұзын» тираждарда бірдей тиімді.

Машинаның бүкіл электронды базасының жоғары практикалық сенімділігі
Екі деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін шуды азайту жүйесімен қамтамасыз етілген.

  • Қағаздың максималды форматы, мм - 765 х 600
  • Қағаздың минималды форматы, мм. - 400 х 260
  • Бұл машинада басып шығару жылдамдығы - сағатына 4 000-15 000-нан басталады.

Баспадан кейінгі учаске

Қазіргі заманғы жабдықтар баспадан кейінгі цехта орналасқан, бұл:

WOHLENBERG - жоғары жылдамдықты қағаз кесетін машина (рұқсат етілген ені 185 см, 92 см);
WOHLENBERG - жоғары жылдамдықты қағаз кесетін машина (рұқсат етілген ені 92 см.);
DUPLOsystem 5000 - парақты құрастыру желісі, сыммен тігу және блокты кесу мүмкіндігі;
BBBourg Binder 3002 - жартылай автоматты ыстықпен желімдеу машинасы * min-90 х 60 мм. (желімдеп және т.б. кітаптар тігу);
БНШ - жіп иіру машинасы;
GUK - бүктеу машинасы (4 кассеталы);
TITAN 165 - ыстық екі жақты ламинаттау (ламинаттау ені 150 см.);

Фабрикада ең заманауи баспа офсеттік машиналардың болуы полиграфиялық қызметтердің жедел және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді! Біз кез келген полиграфиялық өнімді кәсіби офсеттік басып шығаруды ұсынамыз. Біз тапсырыстарды ең аз мерзімде орындауға мүмкіндік беретін ең озық технологияларды пайдаланамыз.

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт