Сандық аэрофототүсірілім қысқа мерзімде және аз шығынмен жер беті және ондағы нысандар туралы өзектендірілген деректерді алуға мүмкіндік беретін геокеңістіктік деректерді алудың ең тиімді және үнемді тәсілдерінің бірі.
Жоғары рұқсат етушілік (бірнеше сантиметрге дейін) және суреттердің сапасы аэрофототүсірілім деректерін түрлі қызмет салаларында кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді. «ҰГКАО» РМК жоғары рұқсат етушіліктегі цифрлық фотокамералармен және спутниктік геодезиялық аппаратурамен жарақтандырылған басқарылатын және басқарылымсыз ұшу аппараттарының көмегімен аэрофототүсірілімді жүргізеді.
Әуе кемесінде орнатылған аэротүсірілім кешенінің көмегімен үлкен алаңдардың аумақтарына және қысқа мерзімде аэротүсірілім жүргізіледі.
Аэрофототүсірілім нәтижелері болып табылады:
жергілікті жердің кәсіби сандық түрлендірілген бейнесі - ортофтоплан;
тығыз бұлт нүктелері;
жердің ең сенімді қалпына келтірілген беті жергілікті жердің 3-D моделі;
рельефтің 3-D моделі туралы барлық ақпаратты қамтитын беткі биіктік картасы.
Аэрофототүсірілім деректерін өңдеу лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету және озық технологиялар көмегімен орындалады.
Бізге жазыңыз:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бізге қоңырау шалыңыз: +7 (7172) 248 624
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, Мемлекеттік Геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді дамытуды көздейді.