«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК қазақстандық инновациялық IT әзірленімді – кеңістіктік деректердің веб-порталын ұсынады
Біздің портал - бұл Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың электрондық мұрағатының инфрақұрылымын тиімді басқару және дамыту, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар үшін электрондық қызметтер мен сервистерді ұсынудың орталықтандырылған моделі.
Бұл - жоспарланған жұмыс учаскелеріне ақпаратты іздеу үшін жеңіл интерфейсі бар Қазақстан аумағының геодезиялық зерттелуінің алғашқы электрондық картасы. Мұнда сіз қор мұрағатындағы аналогтық топокарталарды, құрастырушы және баспа түпнұсқаларын, елді мекендердің карталары мен жоспарларының жаңартылған түпнұсқаларын таба аласыз. Сондай-ақ ВТШ каталогтары, жиынтық каталогтар және оларға берілген толықтырулар, техникалық есептер және нысаналық каталогтар.
Аталған ақпараттан басқа порталда цифрлы топографиялық карталар мен жоспарлар туралы деректер, жергілікті жердің жағдайы мен түсірілім жылы туралы ақпараты бар ортофотожоспарлар бар. Портал кез келген кәсіпкердің қолында пайдалы болады, сондай-ақ мұнда сіз нормативтік-құқықтық актілер мен пайдаланушы нұсқаулығын таба аласыз. Веб-портал ыңғайлы және қолдануға оңай, жүйе әрқашан қол жетімді: кіру үшін ЭЦҚ, интернет және кез келген мобильді құрылғы қажет. Портал Республиканың бүкіл аумағы туралы кеңістіктік деректердің жүйелендірілген жиынтығы болып табылады, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтымайды және әртүрлі масштабтағы цифрлы топографиялық карталар түрінде жасалған.
Қордағы материалдарға өтініштерді қалыптастыру тек тіркелген пайдаланушыларға ғана қолжетімді. Мүдделі тұлғаларға жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру Ұлттық экономика министрінің № 164 бұйрығымен бекітілген қағидалар бойынша жүзеге асырылады. Мәліметтерді алу үшін geoportal.nkgf.kz веб-порталындағы материалдар мен деректерді іздеу жүйесінде өтініштің электрондық нысанын толтыру арқылы өтінімді ұсыну қажет geoportal.nkgf.kz
Біз кәсіпкерлерді қолдаймыз, өз бизнес идеяларыңызды батыл іске асырыңыздар, Веб-портал жұмыстарды жоспарлау үшін тамаша орын. Жұртшылықты хабардар етуді қамтамасыз ету - біздің негізгі міндетіміз!
Енді геодезиялық қызмет субъектілері дайын өнім шығаруды ұлғайтуға, ақау деңгейін төмендетуге, шығындарды қысқартуға, қайталануды болдырмауға, сондай-ақ еңбек шығындарын 60%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін құрал-саймандарға ие болады.
Сіз жағдайды талдау және технологиялық үдерістерді реттеу мүмкіндігіне ие боласыз!
Сіз стандарт және штаттан тыс жағдайларға арналған шешімдерді білетін боласыз!
Сіз қор деректерінің қол жетімділігін көресіз!
Кері байланысты пайдалана отырып, сіз бізге кез келген сұрақтарды қоя аласыз және біздің ресурсты жетілдіруде өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыз. Порталды басқару үдерісіне тіркеліңіз және қосылыңыз, сіз үшін барлық деректер ашық! Біз сізге қамқорлықпен жұмыс істейміз!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, Мемлекеттік Геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді дамытуды көздейді.