логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz
+7 /7172/ 248-666
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған марапаттау рәсімі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған марапаттау рәсімі


Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге орай Кәсіпорын қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Кәсіпорын бас директорының міндетін уақытша атқарушы Маселов Медер Хамидуллаевич өзінің кіріспе сөзінде барлық қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтап, бүгінде Қазақстанның әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарайтынын, өз елін мақтан тұтатынын, Қазақстан Республикасының азаматы екенін мақтан тұтатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомстволық наградасымен еңбек қызметіндегі ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Қадырбек Қинаятұлы Шакимов және өндірістік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасының экономисі лауазымында еңбек сіңірген зейнеткер Зайнаб Таджиханқызы Таирова марапатталды.

Геодезия және картография саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды:

  • Аэроғарыштық түсірілім жұмыстары бөлімінің № 2 сектор басшысы Юсупов Руслан Шәріпқалиұлы;
  • Топографиялық-геодезиялық жұмыстар бөлімінің № 1 сектор басшысы Дулатов Ермек Дулатұлы;
  • Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің механигі Такишев Жамарт Кебекович;
  • Топографиялық-геодезиялық жұмыстар бөлімінің инженер-геодезисі Сакан Дарина Кыдыровна.

Сонымен қатар, геодезия және картография саласын дамытуға қосқан зор үлесі, мінсіз қызметі және міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің алғыс хаттарымен марапатталды:

  • Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жүргізушісі Байтуғанов Рашит Искендирович;
  • Топография-геодезиялық жұмыстар бөлімінің № 2 сектор басшысы Смагулов Мадияр Аблаевич;
  • Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жүргізушісі Қалбаев Дүйсенбай Ақанұлы;
  • Топографиялық-геодезиялық жұмыстар бөлімінің инженер-геодезисі Ұзақова Мейрамгүл Серікқанқызы.

Салтанатты іс-шараның соңында Кәсіпорынның бас директорының міндетін уақытша атқарушы әріптестеріне күш-қуат, сенімділік және біздің тамаша мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыста елеулі табыс тіледі.

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт