логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің XLIV сессиясы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің XLIV сессиясы


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің кезекті XLIV сессиясы 2022 жылғы 24-26 қазаннан бастап Ереван қаласында (Армения)өтеді.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геодезия және картография комитетінің (бұдан әрі-Комитет) төрағасы - Бекмукашев Кажмухан Ахматдинович және "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" Комитеті бас директорының орынбасары -Тажединов Данабек Бахитович қатысады.

Қазіргі уақытта мемлекетаралық кеңестің XLIII сессиясының шешімдерін орындау мәселелері қаралды, сессияаралық кезеңде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің картографиялық-геодезиялық қызметтерінің қызметі туралы хатшылық пен Мемлекетаралық Кеңестің жұмыс топтарының қызметінің нәтижелері туралы баяндамалар, кеңістіктік деректердің ұлттық жүйелерін құру салаларында тәжірибе алмасу мәселелері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің геопорталын және кеңістіктік деректерін құру тұжырымдамасын іске асыру туралы мәселелер тыңдалды.

Сессия жұмысына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының картографиялық-геодезиялық қызметтерінің басшылары мен өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің өкілі қатысады
Мемлекетаралық кеңестің XLIV сессиясының отырысын Мемлекетаралық геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау кеңесінің төрағасы, Армения Республикасы кадастр комитетінің басшысы Товмасян Сурен Владимирович ашты.

Сондай-ақ, Армения Республикасының Вице-премьері Григорян Мгер Гербертович және ТМД Атқарушы комитетінің өкілі, қауіпсіздік және жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, Мемлекетаралық Кеңес Хатшылығы басшысының орынбасары Октысюк Виктор Васильевич құттықтау сөз сөйледі.

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт