Біздің кәсіпорынның орнықты даму жолдарының бірі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі болып табылады. Біз сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен пара алмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін ұжымның құқықтық мәдениетін қалыптастырамыз!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару және нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау бойынша біліктілікті арттыру шеңберінде "ҰГКАО" РМК комплаенс-қызметінің офицерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және БҰҰДБ* ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы инновациялық тәсілдерді капиталдандыру» семинарында оқудан өтті.
БҰҰДБ * қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді секторлық басқару және парасаттылық қағидаттарын ілгерілету саласындағы халықаралық тәжірибелерімен бөлісті және шаралардың тиімділігі азаматтық қоғамның қатысуымен ғана болатынын атап өтті. Сондай-ақ БҰҰДБ* халықаралық сарапшылары семинарға қатысушыларды мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымында және тиімді цифрлық басқаруда Blockchain және Big Data Analytics технологияларын қолдану аспектілерімен таныстырды, бұл қызметшілердің есептілігіне, этикасына және адалдығына ықпал етеді.
* БҰҰДБ-Біріккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасы. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың саяси реформаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және үкімет қызметінің ашықтығына ықпал ететін күш-жігерді дамытуға, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын ілгерілетуге және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді.