Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде су тасқыны қаупінің артуына байланысты “Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы” РМК жоғары дәлдіктегі озық технологияларды және геодезиялық, картографиялық аэротүсірілім жұмыстарын орындауда кешенді тәсілді қолдана отырып, апаттың алдын алуда.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусиннің басшылығымен мамандандырылған штабтар Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарында ұйымдастырылды.
“ҰГКАО” РМК мамандары Жайық және Ертіс өзендерінің жағалауы бойындағы жоғары дәлдіктегі геодезиялық жабдықты пайдалана отырып, судың көтерілу деңгейіне мониторинг жүргізуде. Олар сондай-ақ қалалар мен елді мекендердегі гидропосттардағы биіктік белгілерін жедел үйлестірумен айналысып жатыр.
Қорғаныс құрылыстарының жағдайын анықтау үшін кәсіпорынның геодезистері белгіленген бөгеттер мен үйінділерді жүйелі түрде өлшеп жатыр. Бұл тәуекел аймақтарында қосымша қорғаныс құрылыстарын салуды немесе нығайтуды ұсынуға мүмкіндік беріп, алынған нәтижелер жою жөніндегі облыстық штабтарға жедел берілуде.‼️
Сонымен қатар, мамандар су тасқыны жағдайына жедел ден қою үшін үнемі жаңартылып отыратын және облыстық штабтарға берілетін су тасқынының өзекті визуалды схемаларын жасау үшін алынған деректерді өңдейді.
“Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы” РМК өзінің барлық күш-жігерін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аумақтарды жағымсыз табиғи құбылыстардан қорғауға бағыттайды.