🌐 2023 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында ҰГКАО және ҚБТУ өкілдерінің кездесуі өтті.
✍Кездесу қорытындысы бойынша навигация, навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету, теңіз навигациясы және гидрография (океанография) және теңіз инфрақұрылымын дамыту саласындағы басқа да мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
💡Меморандумның мақсаты-қазіргі заманғы үрдістерді дамыту және кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға бағытталған кәсіби бағдарламаларды іске асыру. Бұған навигация және гидрография саласындағы бірлескен жобалар, осы бағытта ақпарат алмасу және Executive MBA бағдарламаларына және ҚБТУ-дың басқа бағдарламаларына бірлескен қызметке қатысу арқылы қол жеткізіледі.