2024 жылдың 24 қазанында "Шымкентгеодезия" филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы ашықтық және этикалық стандарттар мәселелері қаралды.
Семинарға комплаенс қызметінің басшысы Е.С. Қизатов, комплаенс офицері А.Б. Атен, "Шымкентгеодезия" филиалының қызметкерлері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.З.Қалдыбаев қатысты.
Оқыту семинарын өткізу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі филиал қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.