логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК ғылыми субъект және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет ретінде аккредиттеу туралы куәлік алды


Бірегей өндірістік, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуетке ие «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК өзінің ғылыми-техникалық қызметінің Қазақстан Республикасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін растады.

Мәселен, 30 наурызда ғылыми қызмет субъектісі ретінде Кәсіпорынға мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттарыы есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін аккредиттеу туралы куәлік алынды.

Кәсіпорын геодезия, картография, жерді геодинамикалық зерттеу, спутниктік позициялау, геоақпараттық шешімдер және кеңістіктік ақпарат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылыми-салалық орталық құруды жоспарлап отыр.

06.04.21

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт