Бүгін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" РМК қызметкері Нуркенов Толеугазы Камашұлына Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі, сондай-ақ белсенді қоғамдық және әлеуметтік қызметі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - "Парасат" орденін табыс етті.
Толеугазы Камашұлында бұл үшінші мемлекеттік награда! Еңбегін мойындау белгісі ретінде 2007 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2013 жылы "Құрмет"орденімен марапатталған. Қазақстанның Құрметті жерге орналастырушысы болып табылады!
1979 жылдан бастап Қазақстанның игілігі үшін еңбек еткен Толеугазы Камашұлы жоғары білікті және жауапты маман ретінде әрқашан өз жұмысына жанын салып қарайды және жан-жақты тәжірибесімен бөлісіп, әріптестері арасында жоғары, лайықты бедел мен құрметке ие.
Толеугазы Камашұлы ҚР Жер кодексін және "Қазақстан Республикасы астанасының ерекше мәртебесі туралы" ҚР Заңын әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысқа тікелей қатысты. Өзінің еңбек қызметі барысында жер кадастры, жерге орналастыру, геодезия және картография мәселелерімен белсенді айналысады.
"Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" РМК ұжымы Толеугазы Камашұлын наградасымен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық және Қазақстан Республикасының игілігі үшін одан әрі еңбек қызметінде табыс тілейді!