2022 жылғы 18-20 қазан аралығында Қазақстан Республикасы аэроғарыш өнеркәсібі инновациялары, цифрлық даму министрлігі геодезия және картография комитетінің "ҰГКАО" РМК өкілдері Германияның Эссен қаласында жыл сайынғы "INTERGEO 2022" халықаралық көрмесіне барды.
Көрмеге 100-ден астам елден 14 000 мыңнан астам қатысушы қатысты.
- INTERGEO 2022 - геокеңістіктік қоғамдастықтың іс-шаралары мен коммуникациялары үшін әлемдегі ең ірі платформа.
- INTERGEO 2022 400-ден астам экспоненттері келушілердің назарына жаңа аспаптарды, жабдықтарды, инновациялық технологиялық шешімдерді және соңғы бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынды.
- INTERGEO 2022 көрмесіне келушілердің басым бөлігі геодезистер, картографтар, геоматика және геоинформатика саласындағы мамандар, сондай-ақ геодезиялық ЖОО студенттері.
- Іс-шара секцияларында Leica Geosystems және EvoLogics компанияларымен ғимараттар мен құрылыстарды геодезиялық мониторингтеудің озық шешімдері және су айдындарын картаға түсіруді жүргізу кезінде пилотсыз эхолоттарды қолдану бойынша жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізілді.
Сондай-ақ, көрме аясында "ҰГКАО" РМК өкілдері роботтандырылған тахеометрлердің зияткерлік жүйелерінің өнімділігін арттыратын АР20 AutoPole құралын қолдана отырып, берілген нүктелерді жылдамдыққа өлшеу бойынша конкурсқа қатысты, онда 4 орын алды.