Мәжіліс "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс депутаттары мақұлдаған жоба геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік саясатты үйлестіруді күшейту және геодезиялық, картографиялық қызметті реттеудің жалпыға бірдей танылған халықаралық қағидаттары мен тәсілдерін енгізу, мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында әзірленді.
Маңызды факт - бұл заң жобасында кеңістіктік мәліметтерге көп көңіл бөлінеді:
- Жергілікті жер объектілері туралы ақпарат беру
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңістіктік деректер қоры
- Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы
- Кеңістіктік деректер жиынтығы
Жалпы, геодезиялық және картографиялық қызмет ел өмірінің барлық салаларында өте маңызды буын болып табылады. Ірі өндірістік, ауылшаруашылық, тау-кен және мұнай өнеркәсібінен бастап әр азаматтың күнделікті қызметіне дейін.