логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің іргетасы

Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің іргетасы


Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы Сізді Digital Bridge 2022 Халықаралық форумы аясында өткізілетін "Кеңістіктік деректер – цифрлық мемлекеттің іргетасы" Панельдік сессиясына шақырады

Сессияда кеңістіктік деректерді дамыту стратегиясы, кординаттарды, биіктіктер мен ауырлық күшін мемлекеттік санау жүйелерін орнатудың ғылыми негіздері, әуе және жердегі лазерлік сканерлеу технологиялары, Жерді қашықтықтан зондтау дерекқорларын қолдану, Астана қаласының цифрлық егізін құру тәжірибесі талқыланады.

Digital Bridge халықаралық форумы – Мемлекет басшысы, халықаралық IT-қоғамдастық көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлік инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысатын IT саласындағы Қазақстандағы ірі іс-шаралардың бірі.

Ұйымдастырушылар - Астана қаласы әкімдігінің және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Өткізу мекенжайы:  Астана қ, МВЦ «EXPO» ХКО, «Kyrgyzstan» залы.
Өткізу уақыты: 2022ж  29 қыркүйек сағ. 12:00 – 13:00.

27.09.22 2

© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт