Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл. «Тәуелсіздік дәуірі - бұл бұрын қол жетімсіз болып көрінетін шыңырауға ілінген қауіпті тау жолдарымен биіктерге ұлттың батыл көтерілуі. Біз оларды бағындырдық!», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Мемлекеттік егемендік - жоғары игілік, қазақ халқының көптеген ұрпақтарының шындыққа айналған арманы. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы - бұл қалыптасу кезеңінің қиындықтарын еңсеріп, өз әлеуетін дұрыс пайдалана білген халықтың лайықты да қиын жолы.
Қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси даналығының арқасында қазіргі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, халықаралық беделге ие болған өңірлік көшбасшы.
«Егемендігіміздің мәңгілік триадасы – Алтайдан Атырауға дейін, Алатаудан Сарыарқаға дейін созылып жатқан ұлан-байтақ жеріміз, ана сүтімен сіңген тіліміз және барлық қиындықтарды еңсеруге көмектесетін бірлігіміз. Біз осы үш құндылығымызды көзіміздің қарашығындай сақтаймыз», - деді Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бейнеролик дайындады. 30 секундта - тарихи өткенді шолу, бүгінгі күн және біртұтас көпұлтты елдің болашағына сенімді көзқарас.
Біз барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Біздің жерімізде бейбітшілік пен амандық, әр отбасының денсаулығы мен берекесі болсын!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, Мемлекеттік Геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді дамытуды көздейді.