Іс-шара қазақстандық ірі теңіз және мұнай өндіруші компаниялардың өкілдерін жинады, шақырылған қонақтар қатарында біздің қызметкерлер де болды.
2022 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қазақстандық порттарды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыру, теңіз флотын нығайту және Ақтау портында контейнерлік хаб құру жөнінде стратегиялық міндет қойды.
Осыған байланысты QAZGEODEZIA гидрографиялық жобалар басқармасының басшысы Р.Ш. Қалабаев іс-шарада кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторының бүкіл аумағында ауқымды гидрографиялық зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы баяндама оқыды.