«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры бос лауазымына орналасуға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2025 жылғы «28» ақпан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аппараты басшысының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 58/нқ бұйрығымен келесі құрамда конкурстық комиссия құрылған:
Джумабеков Арман Даирович - Аппарат басшысы, комиссия төрағасы;
Иргалиев Руслан Искандирович - Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті директорының м. а., комиссия төрағасының орынбасары;
Исабеков Абай Бейсенбекұлы - Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаментінің бас сарапшысы, комиссия хатшысы;
Ешенов Максат Наймантайулы - Заң департаментінің директоры;
Куанов Баглан Бердибекович - Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры;
Сатыбалдина Ляйля Сериковна - Геодезия және картография департаменті директорының орынбасары.
Қатысқандар: конкурстық комиссия мүшелері: Р. И. Иргалиев, М. Н. Ешенов, Б. Б. Куанов, Л. С. Сатыбалдина және комиссия хатшысы.
Отырысты өткізу үшін кворум бар.
КҮН ТӘРТІБІ
Өткізілген әңгімелесу нәтижелерін қарау және «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына кандидаттарды іріктеу.
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК бас директорын конкурстық іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның 2025 жылғы 21 ақпандағы № 1 хаттамасына сәйкес конкурсқа қатысуға 4 кандидат жіберілді.
1. Бекмукашев Кажмухан Ахматдинович;
2. Имантаев Рахимжан Жанабекович;
3. Кинжигужинов Самат Мурасханович;
4. Уахитов Алмат Болатханулы.
Кандидаттарды бағалау нәтижелерін қамтитын өткізілген әңгімелесу нәтижелерінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия ШЕШІМ қабылдады:
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры бос лауазымына: Рахимжан Жанабекович Имантаев тағайындауға ұсынылсын.
Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері:
«Қолдады» – 3, «Қарсы» – 1, «дауыстан бас тартты» - 0.
Комиссия төрағасының орынбасары: Р. Иргалиев
Комиссия мүшелері: М. Ешенов
Б. Куанов
Л. Сатыбалдина
Комиссия хатшысы: А. Исабеков