Елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес «ҰГжКАО» РМК қызметкерлері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын демаркациялау және құқықтық ресімдеу үдерісіне қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сала ардагерлері Сергей Кириллов, Андрей Пащенко «Құрмет» ордендерімен марапатталды.
«ҰГжКАО» РМК Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің қазіргі қызметкерлері – Алмас Кенбаев, Берік Әжібеков, Бахтыбек Нұрмұхамедов, сондай-ақ Бауыржан Ахмадиев, Игорь Бородин, Аман Нұрмұхамедов, Анатолий Понамарев, Саутжан Курбанов. «ҰГжҢАО» РМК ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды және бұданда үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреді!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, Мемлекеттік Геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді дамытуды көздейді.