логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Солтүстікгеодезия


«Солтүстікгеодезия» филиалы

Мекенжайы: Көкшетау, Мәлік Ғабдулин к-сі, 131
Телефон: +7 / 7162/ 32 9 189
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Қалыптасу тарихы

КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ГКББ30.12.1980 ж. №595Бұйрығымен № 9 кәсіпорынның № 162 экспедициясы 01.01.1981 ж. бастап «Уралаэрогеодезия» Орал аэрогеодезиялық өндірістік бірлестігінің № 162 Біріккен кешенді экспедициясы (№162 БКЭ) болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің09.03.1992 ж. № 26қаулысымен «Қазгеодезия» Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны «Көкшетаугеодезия» Көкшетау картографиялық-геодезиялық кәсіпорны болып аталды.
ҚР Үкіметінің31.05.2000 ж. №794қаулысымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Севгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

19.08.2010 ж. № 03-03-05/пбұйрығымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Солтүстікгеодезия» филиалы болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 08.02.2013 ж. № 109қаулысымен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Солтүстікгеодезия» филиалы болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 14.08.2014 ж. № 933қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалы болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 18.05.2016 ж. № 295қаулысымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалы болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501қаулысымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалы болып қайта аталды.

Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК «Солтүстікгеодезия» филиалы болып табылады.ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 08 қыркүйектегі № 559қаулысы.


Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалған жұмыс түрлері:

  • Триангуляция бекеттерін тексеру, нивелирлік белгілерді тексеру және қалпына келтіру, бекеттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау
  • 1: 2000 М салынған және салынбаған аумақтарды дешифрлеу.
  • I, II сыныпты нивелирлеу
  • 1:25 000 М карталарды жаңарту кезіндегі дала жұмыстары
  • 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 М цифрлы топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар
  • Мемлекеттік тілде 1:25 000 М цифрлы топографиялық карталарын жасау
  • Орыс тілінде 1:50 000 М цифрлы топографиялық карталарын жасау
  • 1:2 000 масштабтағы қалалар жоспарларын жасау

Тапсырыс берушілермен жасалған келісімшарттар бойынша орындалған жұмыс түрлері

  • Топографиялық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарының барлық түрлері
  • 1:200-ден 1:10 000-ға дейінгі масштабтағы топографиялық түсірілімдер
  • Теміржолдар мен автомобиль жолдарын инженерлік-геодезиялық ізденістер
  • Геодезиялық орталықтарды құру және қалау;
  • Жоспарлы-биіктен түсіру желілерін құру;
  • Жобалау және құрылысқа арналған топографиялық жұмыстар (1:10 000-нан 1:200-ге дейінгі масштабта түсіру, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсіру, жерүсті желілік құрылыстар мен олардың элементтерін трассалау және түсіру);
  • Инженерлік-геологиялық қазбаларды, геофизикалық және басқа да іздестіру нүктелерін байланыстыра отырып, натураға ауыстыруға байланысты геодезиялық жұмыстар;
  • Жер кадастрының геодезиялық жұмыстары 1:500, 1:1 000, 1:2 000,1:5 000, 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабтарындағы карталарды жасау және жаңарту.

Жерге орналастыру жұмыстары

Жер телімдеріне (ғимараттар, құрылыстар орналасқан) құқықтарды ресімдеу жөніндегі қызметтер

Жерге орналастыру жобаларын жасау

Жергілікті жерде шекараны белгілеу.

Жер-кадастрлық жұмыстар


Инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар, оның ішінде:

  • Геофизикалық зерттеулер, барлау және түсіру;
  • Топырақты далалық зерттеу, гидрогеологиялық зерттеулер;
  • Ғимараттар мен құрылыстардың деформациясын қадағалау

Техникалық жабдықтау
Жұмыстарды орындау үшін біздің филиалда келесі техникалық жабдықтар бар:

  • Геодезиялық жабдықтар: «Leicageosystems» AG, «Leica». «CHC NAV», «Trimble», «TOPCON» шығарған GPS-қабылдағыштар, электрондық тахеометрлер, цифрлық және оптикалық нивелирлер, жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар, теодолиттер
  • Компьютерлік техника: дербес компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер және плоттерлер
  • «Leicageosystems» AG шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар * Бағдарламалық жасақтама: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad
  • Арнайы мақсаттағы автокөлік

Филиалдың тапсырыстар бойынша жұмыс орындау тәжірибесі бар:

  • «KEGOC» АҚ
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ
  • Степногорск қ. «СКЗ-пирит» ЖШС
  • Аралпетролеум ЖШС
  • Павлодарэнергопроект ЖШС
  • Нұр-Сұлтан қ. халықаралық әуежай
  • Мемлекеттік органдар және мекемелер
  • Жеке тұлғалар
© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт