логотип
ҚР, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 20
+7 / 7172 / 27-77-19  info@qgeo.kz

+7 / 7172 / 27-77-19

Алматыгеодезия


«Алматыгеодезия» филиалы

Мекенжайы: Алматы қ., Абай к-сі, 111
Телефон: +7-7273-384290
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Аккредитациялау аттестаты (PDF)


Қалыптасу тарихы

1944 жылғы 27 қарашада КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің өкіміне сәйкес Алматы қаласында Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорны ұйымдастырылды (КСРО ГКББ № 6 кәсіпорны). Қазақ КСР Кеңхалкомының 10.03.1945 ж. №122 қаулысымен ҚазАПК алдына мемлекеттік картографиялау мақсаттары үшін 1945-1947 жж. Қазақ КСР-нің барлық аумағын 1:100000 масштабында түсіруді аяқтау жөнінде нақты міндет қойылды. 1948 жылы жабдықтар орнатылып, пайдалануға берілді, фотозертхана, сызу-безендіру, стереотопографиялық, есептеу бригадалары және техникалық сметалар мен жобалар жасау жөніндегі топ ұйымдастырылды.   

Геодезиялық жұмыстардың үлкен көлемі «Медеу» мұз айдыны, Маңғышлақ АЭС, Іле Алатауының бөктеріндегі 370 метрлік телевизиялық мұнара, Алматыдағы Мұз сарайы, «Ертіс-Қарағанды» арнасы, бірқатар гидротехникалық құрылыстар сияқты бірегей құрылыстардың құрылысы кезінде орындалды. №6 кәсіпорынның атауы Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорын (Қазгеодезия бойынша 19.12.1989 жылғы №688 бұйрық) болып өзгертілді.

№107 Біріккен кешенді экспедиция базасында Алматы геодезиялық орталығы құрылды (ҚазАПК бойынша 09.07.1991 ж. №257 бұйрық). Алматы геодезиялық орталығының базасында «Алма-Атагеокарта» өндірістік бірлестігі құрылды (Қазгеодезия бойынша 27.03.1993 жылғы №10 бұйрық).

«Алматыгеокарта» өндірістік бірлестігі «Алматыгеокарта» Алматы картографиялық-геодезиялық кәсіпорны болып қайта құрылды (Қазгеодезия бойынша 02.07.1993 ж. №74 бұйрық). «Алматыгеокарта» кәсіпорнының базасында «Инжгеодезия» қазыналық Алматы инженерлік–геодезиялық зерттеу кәсіпорны құрылды (Қазгеодезия бойынша 19.07.1996 ж. №16 ОД бұйрығы). 31.05.2000 ж. «Инжгеодезия» кәсіпорнының қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеокарт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (31.05.2000 ж. №44ІІ бұйрығы) болып қайта құрылды. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 ж. №668 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеокарт» филиалымен бірге «Қазгеодезия» РМҚК құрылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 ж. № 295 Қаулысы).

2020 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің №559 қаулысымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» РМҚК бірігу және қайта құру жолымен Филиалдары бар, оның ішінде Алматы қ.,  «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК-ға қайта ұйымдастырылды.


Орындалған жұмыс түрлері:

  • Тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететін барлық кластағы мемлекеттік астрономиялық-геодезиялық, спутниктік геодезиялық және нивелирлік желілерді жасау, дамыту, зерттеу, қалпына келтіру;
  • Дәлдігі мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныстық, ғылыми-зерттеулік және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда, оның ішінде қалалар мен елді мекендердің мемлекеттік топографиялық карталары мен жоспарларын жасау және жаңарту;
  • Геодезиялық жерсеріктік технологияны енгізу және пайдалану;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығының бөлінуін, демаркациясын және өтуін тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету;
  • Теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймаларының қайраңын картографиялау;
  • Жерүсті және жерасты құрылыстары мен желілерінің әртүрлі нысандарын жасауға, ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс учаскелеріне байланыстыруға, сондай-ақ басқа да арнайы жұмыстарды орындауға арналған топографиялық жоспарларды жасау және жаңарту;
  • Желілік және алаңдық үлгідегі инженерлік құрылыстарды, жерасты құрылыстары мен желілерін жобалау және іздестіру, салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық, топографиялық және басқа да арнайы жұмыстар;
  • Өндірістік қызмет нәтижесінде алынған топографиялық-геодезиялық өнімдер мен арнайы ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және сату;
  • Кәсіпорын орындайтын инженерлік ізденістер мен топографиялық-геодезиялық жұмыстар бойынша, сондай-ақ ұйымдар мен ведомстволардың өтінімдері бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындау;
  • Геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету.

Техникалық жабдықтау

Жұмыстарды орындау үшін біздің филиалда келесідей техникалық жабдықтар бар:

  • Геодезиялық жабдықтар: «LeicaGeosystems» AG, «TOPCON» шығарған GPS-қабылдағыштар, электрондық тахеометрлер, цифрлық және оптикалық нивелирлер, жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар
  • Компьютерлік техника: дербес компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер және плоттерлер * «LeicaGeosystems» AG шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар
  • Бағдарламалық жасақтама: ArcGIS, MicroStation, MapInfo Professional, AutoCAD
  • Мамандандырылған БҚ бар эхолоттар
  • Өтушілігі жоғары арнайы көліктер: батпақтан өткіштер, КАМАЗдар, УАЗдар, су скутерлері, үрленетін қайықтар

Филиалдың тапсырыстар бойынша жұмыс орындау тәжірибесі бар:

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
  • «Теңізшевройл» ЖШС;
  • «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ;
  • «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ;
  • «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ;
  • «Еуроазиалық энергетикалық корпорация» АҚ;
  • «ПетроҚазақстан Инк.»;
  • «Қазахмыс Корпорациясы» ЖШС;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ;
  • «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;
  • «КАТКО» БК ЖШС
  • «Волковгеология» АҚ;
  • Мемлекеттік органдар мен мекемелер;
  • Нұр-Сұлтан қ. Есіл өзеніне су реттейтін бөгет
© 2023 «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК | Барлық құқықтар қорғалған. | arctika.kz

Онлайн-магазин тематических карт