Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын пайдалану (мың тг.)
Нысаналы мақсаты |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
ТГР бойынша мемлекеттік тапсырма |
3,038,747.00 |
1,934,974.89 |
2,541,028.57 |
ҰКДИ инвестициялық жобасы |
- |
1,888,298.40 |
4,885,094.64 |
ҚР Мемлекеттік шекарасын демаркациялау |
130,907.48 |
42,180.97 |
25,587.50 |
ҰКДИ
Жобаның ауқымы ұлттық, халықаралық ынтымақтастықтан салааралық. Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Жоба үш негізгі бөлімнен тұрады:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту;
- Жаңа мемлекеттік координаттар жүйесінде ашық пайдаланудың базалық кеңістіктік деректерін құру;
- Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелерін және Базалық кеңістіктік деректерді құру.
2024 жылы ҰКДИ жобасын іске асырудың негізгі әсерлері:
- QTRS (Qazaqstan Terrestrial Reference System) бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату (1942ж. координаттар жүйесінің орнына);
- Қазақстан Республикасының аумағын 100% ашық кеңістіктік деректермен қамтуды қамтамасыз ету;
- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңістіктік деректерімен алмасуды автоматтандыру.
- халықты, бизнес пен инвесторларды ашық кеңістіктік деректермен және бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін карталармен қамтамасыз ету;
- барлық деңгейдегі кеңістіктік деректер мен ақпараттық жүйелерді бірыңғай ақпараттық ортаға интеграциялау арқылы орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;
- картографиялық материалдарды алу уақытын нақты уақыт режиміне дейін қысқарту, сондай-ақ ведомстволық ақпараттық жүйелерді, кадастрларды интеграциялау есебінен оларды жаңарту;
- кеңістіктік деректерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді өндіруге және өзектендіруге жұмсалатын шығындарды азайту.