Кәсіпорын қызметінің негізгі басымдықтары келесілер болып табылады:
- «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректерінің ұлттық инфрақұрылымы» жобасын іске асыру
- Геодезия және картографиядағы заманауи цифрлық технологияларды игеру
- Ғарыштық түсірілімдерді пайдалану, ұшқышсыз ұшу аппараттарын енгізу және жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру
- Бюджет қаражатының түсуі мен жұмсалуын жүйелі бақылау, тәуекелдерді басқару
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын қатаң сақтау
- Экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін жақсарту.
Цифрлық Қазақстан
Экономиканың, қорғаныстың көптеген салаларында жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік болып табылады, осыған байланысты топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді пайдалана отырып, сапалы қызметтерге сұраныс байқалады. Көбінесе бұл өнімдер заңды құжат болып табылады. Картографиялық өнім аумақтарды жоспарлау мен жобалауды қамтамасыз ету құралы, ведомстволық ақпараттық жүйелердің, мемлекеттік деректер қорының графикалық негізі болып табылады. Республика аумағының бірыңғай координаттық және биіктік негізі жер мен кеңістіктің барлық өлшемдерінің есептеу жүйесі болып қызмет етеді.
Алдыңғы қатарлы елдер өткен ғасырдың өзінде-ақ оларға Халықаралық интеграцияны дамытуға мүмкіндік беретін ұлттық кеңістіктік координаттар жүйесін құрды. Қазақстан мен Түрікменстаннан басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері өздерінің спутниктік геодезиялық желілерін енгізді.
Осылайша, технологиялық тұрғыдан аса сапалы жаңа мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесіне көшу топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісінің тиімділігіне сөзсіз оң әсерін тигізеді, осының салдары ретінде экономика салаларында оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, Мемлекеттік Геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді дамытуды көздейді. Картографияда геоақпараттық технологияларды қолдану автоматтандырылған басқару жүйелерінде қолдануға болатын сандық топографиялық карталар мен жоспарлар жасауға мүмкіндік береді.
Жүктеу: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (.doc)