Жер бетінің жоғарғы бөлігінде болып жатқан қазіргі заманғы қозғалыстар мен деформацияларды зерделеу мониторингтік режимде арнайы жабдықталған бақылау станцияларының - геодинамикалық полигон бекеттерінің жылжуын жоғары дәлдіктегі геодезиялық өлшеулерді жүргізуді талап етеді.
«Геодинамикалық полигон» термині геодезиялық, астрономиялық, гравиметриялық және наклономерлік бақылаулар, жер бетіндегі нүктелердің қозғалысын анықтау үшін қолданылатын деректер орындалатын орынға таңдалған аумақты білдіреді. Геодинамикалық полигондар кейде «модельдік аймақтар» деп аталады және олардағы геодезиялық жұмыстар уақыт өте келе жер бетіндегі нүктелердің өзара орналасу тұрақтылығының сандық сипаттамаларын алуға бағытталған ғылыми геодезиялық және геофизикалық зерттеулер кешенінің бөлігі болып табылады.
ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан үшін әлеуетті қауіпті дүлей апаттардың арасында жер сілкіністері бірінші орында тұр. Бұл қауіпке 6 миллионға жуық қазақстандық және республика аумағының 450 мың шаршы шақырымы ұшыраған. Сейсмикалық қауіпті аймақта 27 қала және 400-ден астам елді мекен орналасқан. Бұл аумақта республиканың өнеркәсіптік әлеуеттің шамамен 40%-ы орналасқан.
Бірақ КСРО-ның ыдырауына байланысты бұл жұмыстар жүргізілген жоқ. Тек 2004 жылы жұмыс жоспарына сәйкес геодинамикалық полигондарда зерттеулердің және жұмыстарды жалғастыру перспективаларын әзірлеудің кезекті кезеңі басталды.
Геодинамикалық полигондарда орындалатын жұмыстардың түрлері мен көлемдері мынадай:
- 1-сыныпты геодезиялық желі бекеттерін сызықтық-координаталық өлшеу;
- I сыныпты бейіндер бойынша нивелирлеу;
- II сыныпты желі бекеті мен белгісі бойынша нивелирлеу.
- Геодезиялық зерттеулердің нәтижелері ғылыми-техникалық есептерде тіркеледі және «ҰКГҚ» РМҚК тапсырылады.
«Алматы геодинамикалық полигонында» жер қыртысының тік қозғалыстарын бақылау 1968-1971 ж. ж. бастап жүргізіледі және 2016 жылғы өлшеулерді қоса алғанда, осы кезге дейін полигонның желілік-бұрыштық желісінің тармақтары бойынша, 1975 жылдан бастап «Шелек геодинамикалық полигонында» I және II сыныптардың нивелирлеу циклдерінің 22-ден 54-ке дейінгі кезеңі орындалды және осы кезге дейін полигонның сызықтық-бұрыштық желілері бойынша II класты нивелирлеудің 23 циклін орындады.
2016 жылғы геодезиялық өлшеулер бойынша алынған, Алматы геодинамикалық полигонындағы жер қыртысының деформациялары туралы деректер және 2018 жылғы геодезиялық өлшеулер бойынша Шелек геодинамикалық полигонындағы жер бетінің деформациялары туралы деректер -3.3-тен +0.6 мм/жылға дейінгі амплитудаға ие және өлшеу қателіктерінің ықтимал жинақталуынан ± 3N√l аспайды.
Сызықтық-бұрыштық желі бекеттері бойынша «Зайсан геодинамикалық полигонында» жер қыртысының тік қозғалысын бақылау 2007 жылдан 2016 жылға дейін жүргізіледі және ІІ сыныпты нивелирлеудің 10 циклына дейін орындалды. 2016 жылғы геодезиялық өлшеулер бойынша алынған Зайсан геодинамикалық полигонындағы жер қыртысының деформациялары туралы деректердің амплитудасы жылына -2.3-тен +0.6 мм-ге дейін болады және өлшеу қателіктерінің ықтимал жинақталуынан ± 3N√l аспайды.
2004 жылы «Жамбыл геодинамикалық полигонында» сызықтық-бұрыштық желі пункттері бойынша жер қыртысының тік қозғалысын бақылау қайта жанданды. 2004-2016 жылдар аралығында I және II сыныптардың шамамен 13 нивелирлеу циклі орындалды. 2016 жылғы геодезиялық өлшеулер бойынша алынған Жамбыл геодинамикалық полигонындағы жер қыртысының деформациялары туралы деректердің амплитудасы -0.12-ден +0.71 ММ/жылға дейін болады және өлшеу қателіктерінің ықтимал жинақталуынан ± 3N√l аспайды.
2016 жылғы қайта нивелирлеу нәтижелері бойынша жоғарыда аталған полигондардағы сандық мәндер күшті жер сілкіністерінің алдындағы айқын анормальды сипатқа ие емес деп қорытынды жасауға болады. Деформациялардың барлық алынған сандық сипаттамалары болашақта жер бетінің жекелеген телімдерінің уақыт тұрақтылығы туралы білім қажет болатын ұлттық экономиканың қажеттіліктері үшін гидротехникалық, мұнай-газ құбырлары мен жүйелерін жобалау кезінде қолданыла алады.